16 қаңтар 2022 20:54

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: полиция 405 қылмыстық істі тергеп жатыр

Фото: Тengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас прокуроры Берік Жүйріктаев тәртіпсіздіктерден кейін полиция 405 қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас прокуроры Берік Жүйріктаев тәртіпсіздіктерден кейін полиция 405 қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұнда тәсіл әр заңбұзушыға байланысты жасалады. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығын бағалаймыз. Осы мән-жайдың бәрін ескере отырып, қала прокуратурасы 71 тұлғаға қатысты әкімшілік жазаны жеңілдетті. Біз 91 адамды уақытша ұстау изоляторынан босаттық", - деді Жүйріктаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Қазір құқық қорғау органдары 405 қылмыстық істі тергеп жатыр, 249 адам қамауға алынды. Қылмыскерлер қаладағы 2 мыңға жуық нысанды бүлдірді", - деді Алматы қаласының бас прокуроры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram