16 қазан 2024 | 11:08

Алматыдағы университеттің лауазымды тұлғалары ұрлық жасағаны үшін сотталды

Фото: kaznaru.edu.kz

ҚазҰАЗУ лауазымды тұлғалары ұрлық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚазҰАЗУ лауазымды тұлғалары ұрлық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен университеттің қызметіне тексеру жүргізілген, онда 2020 жылы университет жалпы сомасы 43,8 миллион теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, "аммофос" минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған.

Реклама
Реклама

"Тексеру жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті", - делінген хабарламада.

№2 Медеу аудандық сотының үкімі бойынша, университеттің "Саймасай" оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды. Залал толық көлемде өтелген.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная