ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2022 | 13:28
Алматылық дәрігер Юрий Шумковты өлтіру ісі сотқа жіберілді
Гастроэнтеролог Юрий Шумковты айуандықпен өлтіру ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Гастроэнтеролог Юрий Шумковты айуандықпен өлтіру ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Жақын арада қарау басталады", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Басты сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ.
Айта кетейік, тергеу алты айдан аса уақытқа созылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болғаны хабарланған болатын. Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.
Кейінірек Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталған болатын. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также