ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қыркүйек 2020 | 10:43
Алматылық екі миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған
Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
"Тергеу барысында алматылықтың 2016-2019 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактуралар жазып беріп, оған есеп беретін коммерциялық компания арқылы жалпы сомасы екі миллиард теңгеге қызмет көрсетпей, салық төлеуден жалтарғаны анықталды", - деп дейді Қаржы министрлігінің өкілдері.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмысты ұйымдастыруған адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 216-бабының 3-бөлігі ("іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау") бойынша кінәлі деп танылды.
Cондай-ақ, ол экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылып, екі жыл және алты ай бас бостандығынан айырылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также