08 тамыз 2022 09:56

Алматылық ерлі-зайыпты сайттан тұрмыстық техника сатып аламыз деп ақшасынан айырылды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Жарнама сайттарының бірінен тұрмыстық техника сатып алмақ болған алматылық ерлі-зайыпты миллионға жуық ақшасынан айырылып, алаяқтың құрбаны болды. Алдымен бір тауарды, сосын екіншісін ұсынған алаяқ-сатушы сөзіне сендіргені сонша, сатып алушылар өз еркімен үш рет ақша аударған. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жарнама сайттарының бірінен тұрмыстық техника сатып алмақ болған алматылық ерлі-зайыпты миллионға жуық ақшасынан айырылып, алаяқтың құрбаны болды. Алдымен бір тауарды, сосын екіншісін ұсынған алаяқ-сатушы сөзіне сендіргені сонша, сатып алушылар өз еркімен үш рет ақша аударған. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның бәрі тоңазытқыштың істен шығуынан басталған. Олар жаңасын Интернет арқылы іздеп, сайттардың бірінен үлкен заманауи тоңазытқышты таңдайды. Бағасы қымбат болмаған соң, отбасы сатып алуды ұйғарған. Сөйтіп, сатушылармен мессенджер арқылы сөйлескен. Жарнама авторы жабдықтың жаңа және кепілдік талоны бар екеніне сендіріп, сатып алушылардың қай қаладан екенін бірден сұраған.

"Біз Алматыданбыз дедік. Ол Тараздамын дейді. Қазір заттарды тиеп жатырмын, бірнеше сағатта тоңазытқышты тегін жеткізе аламын. Үйімді сатып жатырмын, көшіп жатырмыз. Мені іссапарға жіберді, мен әскери адаммын деп айтты", - дейді жәбірленуші.

Ер адам тағы жиһаз, ойын приставкасын, тұрмыстық техника сатып алуды ұсынады. Бәрі жаңа сияқты болып көрінгесін, ерлі-зайыпты бірнеше зат алған. Әр зат үшін ақшаны бірден аударған. Нәтижесінде миллионға жуық ақша жұмсаған. Кейін жалған сатушы көлікке тиелген тауарлардың суреті мен видеоларын жіберіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. 

"Бірден полиция бөліміне хабарластық. Барлық банк аударымын жазып алды. WhatsApp-тағы хатты көрсеттік. Бір қызығы, әңгіме WhatsApp-та болды, телефоны үнемі өшірулі еді", - деді жәбірленуші.

Полиция мұндай қылмыстарды ізін суытпай ашу қиын екенін айтады. Алаяқтар жалған телефон нөмірлерін пайдаланады.

"Қазіргі уақытта Жетісу ауданы ПБ И-дің өтініші бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы, 2-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеу басталды. Жыл басынан бері Алматыда интернет-алаяқтықтың 1400 дерегі тіркелді", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицияда компьютерлік қылмыстарға қарсы арнайы бөлімшелер бар. Олардың техникалары алаяқтардың ізіне түсуге мүмкіндік береді, бірақ көп уақытты алады. Сондықтан бастапқыда қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға сенбеу керек, деп кеңес береді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети