15 қаңтар 2020 18:04

Алматылық қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды

Полицейлер алматылық қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер алматылық қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, жедел тергеу амалдары барысында екі алматылық ұсталған. 

Реклама
Реклама

"8 қаңтарда сағат 07:00 шамасында 1996 жылғы А. есімді ер адам жәбірленушіні алдап, жалдамалы пәтеріне алып келген. Артынша 1972 жылғы Б. есімді ер адам келіншекті Усачев көшесіндегі үйге алып барып, ұрып, күштеп ұстап отырған", - делінген ПД хабарламасында. 

Бүгінде тергеу амалдары және қылмысқа қатысы бар тағы екі қызды қамауға алу шаралары жүріп жатыр. 

Жеңгесінің қатысы бар. Алматылық қыз жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 25 жастағы келіншек біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғандарын айтып шағымданғаны хабарланған. Жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берген. Зорлық құрбанының денесінің сау тамтығы қалмаған - басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram