07 қазан 2024 | 15:22

Алматылықтар жалған долларға криптовалюта сатып алған

видео кадры

ҚМА Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталған тұлғалар бақыламалы сатып алу барысындағы жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталған.

"Алматының екі тұрғыны криптовалюта сатып алу желеуімен жалпы сомасы 32 700 АҚШ доллары болатын жалған шетелдік купюраны бірнеше рет сатты. Сот үкімі бойынша, істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Агенттікпен жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 100 теңге сомасына 141 купюра, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра анықталды. Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы құны 43 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жалпы, биыл жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

"ҚМА валюта айырбастау кезінде қырағылық таныту керектігін ескертеді. Қызметі қолма-қол ақша айналымымен байланысты азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілерін (ЕДБ, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне жүгінуге шақырамыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram