07 қазан 2022 | 08:46

Алматылықтарды 50 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Полицейлер Алматы тұрғындарын 50 миллион теңгеге алдады деген күдікпен жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Алматы тұрғындарын 50 миллион теңгеге алдады деген күдікпен жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

1996 жылы туған А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті салынған ақшаны өсіммен қайтарып беруге уәде беріп, түрлі бизнес жобаларына инвесторларды тартып отырған. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 50 миллион теңге.

"Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның осыған ұқсас бірнеше эпизодтарға қатысы бар екені анықталды. 2019 жылдан бері азамат бизнеске ақша саламын деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр, кейбірі әлі полицияға арызданбаған", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная