14 наурыз 2022 | 15:26

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Асылов қаңтардағы оқиғалар мен тергеулер барысында ұсталғандар мен қаза тапқандар туралы айтты. Сондай-ақ, ол депутаттарға күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау туралы мәлімдеді.

"5 қаңтарда екі Полиция департаменті басшысы мен Алматыдағы үш департамент, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент басшылары ғимаратты, соның ішінде қаруды қалдырып кеткені анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, бас прокурор Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына қатысты өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

"Бұрынғы қорғаныс министрі (Мұрат Бектанов - еск.), өздеріңіз білетіндей, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп түйіндеді Берік Асылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная