Алматылық әйелден ірі көлемдегі "героин" тәркіленді

© stopnark.ru

Алматыда "Тексерістік сатып алу" т?сілі ?олданыл?ан арнайы операция кезінде  ?Р ІІМ-ні? ?ызметкерлері алматылы? ?йелден есірткіні? ірі партиясын т?ркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? прокуратураны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда "Тексерістік сатып алу" тәсілі қолданылған арнайы операция кезінде  ҚР ІІМ-нің қызметкерлері алматылық әйелден есірткінің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тәркіленген "Героин" есірткісінің салмағы - 3,7 келі, бұл есірткілер психотропты заттар мен олардың аналогтарының кестесі бойынша аса ірі көлем болып саналады", - делінген хабарламада. 

Алматының Әуезов ауданы сотының үкімімен әйел қамауға алынды. "Құқық қорғау органдарының нәтижелі жұмысының арқасында есірткі пайдаланушылар қолына 185 000 мөлшер жетпеді", - дейді прокуратура өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама