Алматылық атқыштың қамау мерзімі ұзартылды

Алматылы? ат?ыш Руслан К?лекбаевты? ?амау мерзімі 18 ?азан?а дейін ?зартылды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? Алмалы ауданыны? сотына сілтеме жасап.

Алматылық атқыш Руслан Күлекбаевтың қамау мерзімі 18 қазанға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі қалалық Алмалы ауданының сотына сілтеме жасап.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама