Алматылық оқытушы Түркістанда Қызыл кітапқа енген жануарларды атып өлтірді

© 24.kz

Түркістандық полицейлер браконьерлерді қолға түсірді. Тәртіп сақшылары қала түбіндегі Үшкекіл өзенінің жағасында екі ер кісіні ұстады. Олардың бірі - 43 жастағы Шымкент тұрғыны, ал екіншісі 65 жастағы Алматы тұрғыны, сондағы спорт мектептерінің бірінің оқытушысы болып шыққан. Бұл туралы Otyrar.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жауап алу барысында алматылық қонақтың Оңтүстікке өз шәкірттерімен оқу-жаттығу өткізу үшін келгені анықталды. Осы сәтті пайдаланған ол аң аулауға да шыққан екен.

Ұсталғандардың көлігінен 1 жабайы қабан мен 4 арқардың бөлшектелген денесі табылды. Бұл аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Бұған қоса күдіктілерден 5 аңшылық мылтық, рациялар, GPS-бағыттағыштар мен дүрбі, мылтықтың дүрбісі, бірнеше пышақ және 130 оқ тәркіленіп алынған.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда осы дерек бойынша заңсыз аң аулауға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама