ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2021 | 17:14
"Алтын бұйымдары дуаланған". Алматыда көріпкел алаяқтар зейнеткерді алдап кеткен
Алматыда зейнеткерді алдап кеткен "көріпкел" алаяқтар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда зейнеткерді алдап кеткен "көріпкел" алаяқтар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Портал мәліметінше, 1990 және 1995 жылы туған әйел адамдар зейнеткерді ауруханаға кіреберісте күтіп, содан кейін оның сеніміне кіріп, нәтижесінде алдап, оның ақшасы мен бағалы бұйымдарын алып қойған.
"Алаяқтар әжейге оның ақшасы мен алтын бұйымдары дуаланғанын және дуаны алып тастауға көмектесетіндерін айтқан. Дуаны жою үшін қолда бар ақша мен алтын бұйымдарын оларға беру керек деп сендірген. Дуадан қорыққан 72 жастағы әйел алаяқтарға 1 миллион 885 мың теңгені және зергерлік бұйымдарын берген", - деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы ПБ бастығы Абзал Ибраев.
Тергеу барысында олардың алтын бұйымдарды 270 мың теңгеге сатқаны және қылмыстық жолмен табылған ақшаны өзара теңдей бөлгені анықталды. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар өз кінәларын толығымен мойындады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға мына телефон номерлеріне хабарласуды сұрайды: 298-52-80, 298-52-81 және 298-52-82.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также