01 сәуір 2021 17:14

"Алтын Ордада" төбелес шығарғандар татуласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базарының автотұрағында төбелескен жұмысшы мен жүргізуші татуласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


"Алтын Орда" базарының автотұрағында төбелескен жұмысшы мен жүргізуші татуласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында екі айыпталушыға қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Бұзақылық" бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

"Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жанжалға қатысушылар өз қателіктерін мойындады. Қарасай аудандық полиция басқармасында олар бір-бірінен және халықтан кешірім сұрады. Сондай-ақ, тараптар сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтінішпен қарсы арыз жазды. Осыны ескере отырып, екі тұлғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 2021 жылдың 30 наурызында сағат 09.00 шамасында "Алтын Орда" базарының автотұрағы алаңында жүргізуші мен жұмысшы арасында төбелес шыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, оқырмандар арасында қызу талқыға түсті.

Кейін жүргізуші көлік камерасына түсірілген видеоны жариялады. Онда жанжал неден басталғаны көрсетіледі. Автотұраққа кіреберісте жүргізуші сондағы жұмысшыдан 100 теңгені банк қосымшасы арқылы төлегісі келетінін айтады. Жұмысшы оған олай төлеуге болмайтынын айтады. Артынша жүргізуші мен жұмысшы жанжалдасып қалады. Олардың төбелескен сәті видеоға түспей қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети