22 ақпан 2019 13:11

Алтынкөл станциясының басшысы парамен ұсталды

"ҚТЖ" ҰК" Алтынкөл теміржол станциясының басшысы парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚТЖ" ҰК" Алтынкөл теміржол станциясының басшысы парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Алтынкөл теміржол станциясының басшысының пара алу дерегі анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

"Оған сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылардан радиация нормасы шамадан асып кеткен вагондарын кедергісіз өткізу үшін жүйелі түрде жалпы сомасы 17,8 мың доллар болатын пара алды деген күдік келді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

20 ақпанда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр.

Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша Ұлттық бюро департаменті Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Ол демеу көрсеткені үшін жалпы білім беру мекемелерінің жетекшілерінен бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Жанна Бастарова.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram