"Amanat Insurance" компаниясының бұрынғы басшысы жалған құжат жасады деп айыпталды

© nn-now.ru

Amanat Insurance са?тандыру компаниясыны? б?рын?ы ?ш ?ызметкері (соны? ішінде бас?арманы? б?рын?ы т?райымы З?уре Сейітова да бар) жал?ан ??жат жасады деп айыпталып отыр. Б?л туралы Tengrinews.kz редакциясыны? сауалына берілген жауапта айтыл?ан. 

Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы үш қызметкері (соның ішінде басқарманың бұрынғы төрайымы Зәуре Сейітова да бар) жалған құжат жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының сауалына берілген жауапта айтылған. 

"Іс материалы бойынша, Зәуре Сейітова, Светлана Писарева және Гүлжан Жәутікова "Amanat Insurance" Сақтандыру компаниясы" АҚ қызметкерлері болған кезде қызметін пайдаланы отырып, алдау арқылы компанияның аса ірі көлемдегі қаржысын иемденген. Бұл ақшаны еңбек келісімшартын бұзу кезінде берілетін өтемақы төлем үшін деген себепті сылтау еткен және жалған құжат пайдаланған", - делінген сот хабарламасында. 

Олар ҚР ҚК-нің 385-бабының 2-тарауы, 190-бабының 3-тарауының 1-тармағы және 190-баптың 4-тарауының 2-тармағы бойынша айыпталып отыр. Іс бойынша сот отырысы Алматыда өтіп жатыр. 

Реклама
Реклама

Зәуре Сейітова "Amanat Insurance"  басқарма төрайымы қызметінен 2015 жылдың қаңтарында кеткен болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама