ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2024 | 08:32
“Амандаспаған“: Павлодарда сот адам өлтіру ісі бойынша үкім шығарды
2024 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласы Айнакөл ауылындағы тұрғын үйдің ауласында бір-бірімен таныс бір топ адам спирттік ішімдік ішкен. Ер адамдар арасында жанжал туындап, олардың бірі ағасы Е-ге хабарласып, оның келіп, ренжіткен адаммен сөйлесуін сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2024 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласы Айнакөл ауылындағы тұрғын үйдің ауласында бір-бірімен таныс бір топ адам спирттік ішімдік ішкен. Ер адамдар арасында жанжал туындап, олардың бірі ағасы Е-ге хабарласып, оның келіп, ренжіткен адаммен сөйлесуін сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Көрсетілген мекенжайға келіп, Е. болмашы жағдайды себеп ретінде пайдаланып, атап айтқанда, жиенін ренжіткен құқықбұзушы онымен амандаспағаны үшін, кенеттен ашуланып, жеке басының өшпенділігін сезініп, соңғысын өлтіру туралы шешім қабылдаған. Қылмыстық ниетін жүзеге асырған ол ренжіткен адамның мойнынан ұстап, жоғары көтеріп, тұншықтырған, денесінің әр жеріне соққы жасаған. Ер адамда тіршілік белгілерінің жоқтығына көз жеткізген Е. қылмыстық құқықбұзушылық жасаған жерден жасырынған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмды", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз орталығы.
Сотта прокурор кінәліні 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы мен оның қорғаушысы Е-нің әрекетін ҚК-тің 106-бабы 3-бөлімі бойынша қайта саралауды және осы баптың санкциясы бойынша көзделген ең төменгі жазаны тағайындауды сұрады. Жәбірленуші – марқұмның анасы ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.
Бұл қылмыс үшін заңда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, бірқатар сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен және сотталушының кінәсін ішінара мойындауымен дәлелденді.
Жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды: кінәні ішінара мойындауын, тұрғылықты және жұмыс орны бойынша жағымды мінезделуін, бұрын соттылығы болмауын, асырауында үш жас баланың болуын ескерді.
"Сот сотталушы Е-ге қатысты жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты. Сот үкімімен Е-ге ҚК-тің 99-бабы 1-бөлімі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тайғайындады. Бұл жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді. Іс бойынша азаматтық талап қою ұсынылған жоқ", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также