ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 ақпан 2022 13:40
АМӨЗ экс-басшысы Шухрат Данбайға қатысты тергеу жүріп жатқаны расталды
Қаржы мониторингі агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Атырау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға және Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша басқа тұлғаларға қатысты Атырау МӨЗ-нің қажеттіліктері үшін жабдықтар сатып алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - делінген АФМ Telegram-арнасындағы хабарламада.
Агенттік тергеу жалғасып жатқанын, ал тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу