03 ақпан 2022 | 14:58

Анастасия Чернаяның өліміне қатысты іс: сотталушы кінәсін мойындады

Анастасия Черная. Фото: instagram.com/mamochki_uralska_vmeste_new

Орал қалалық сотында Анастасия Чернаяға қатысты сот процесі аяқталуға жақын. 21 жастағы қыздың күйген денесі орманнан табылған. Айыпталушы 28 жастағы ер адам, сотта өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қалалық сотында Анастасия Чернаяға қатысты сот процесі аяқталуға жақын. 21 жастағы қыздың күйген денесі орманнан табылған. Айыпталушы 28 жастағы ер адам, сотта өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысында сотталушы Темірлан Аманғалиев қызды өлтіру ниеті болмағанын айтты. Осы мойындаудан кейін тараптар пікірталасы басталған.

"Аманғалиев куәлігін алып кеткен Анастасияны пәтеріне алдап шақырған. Кіреберісте араларында жанжал шыққан. Аманғалиев қызды мойнынан ұстап, итеріп жіберген, басын баспалдаққа ұрған қыз, есін жимастан қаза болған", - деді мемлекеттік айыптаушы Анастасия Семилиди.

Реклама
Реклама

Прокурор соттан сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Марқұм қыздың анасы Светлана Лобанова соттан айыпталушыға ең қатаң жаза тағайындауды сұрады.

"Менің қызым мейірімді және жанашыр еді. Оны мына адам өлтірді. Настяның екі жасар қызы әлі анасына қоңырау шалып, іздеп жүр. Өлтіргеннен кейін ол мәйітті бірнеше күн бойы тасып жүрген. Содан кейін оны өртеп жіберді. Біз Анастасияны жабық табытқа жерледік", - деді әйел.

Сотталушыға соңғы сөз берілді.

"Мен оның өлгенін қаламадым, мұның бәрі кездейсоқ болды. Мен жарты жыл түрмеде отырдым. Ол жақта психотроптық есірткіні қолданатын жастар өте көп. Олар қылмыс жасайды. Сот пен прокуратурадан сұраймын, шара қабылдаңызшы", - деді Темірлан Аманғалиев.

Судья бұл іс бойынша үкім 4 ақпанда шығатынын айтты.

Еске салайық, 15 қыркүйекте полицейлер  із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы қыздың денесін тапқан болатын. Күдікті кейін қамауға алынды. Темірлан Аманғалиев кінәсін мойындап, қызды өлтіргісі келмегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная