21 мамыр 2022 | 15:56

Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер телімін алмақ болған ер адам ұсталды

Фото: Антикор

19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Антикор қызметкері ретінде өзін таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық нысандарды орналастыру үшін атына жер учаскесін рәсімдеуді талап еткен 1997 жылғы ер адамды әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Антикор қызметкері ретінде өзін таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық нысандарды орналастыру үшін атына жер учаскесін рәсімдеуді талап еткен 1997 жылғы ер адамды әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Күдіктінің заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сол күні ұсталып, Ақтау қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ер адам бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Антикор осыған ұқсас деректер бойынша ақпарат болған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 1424, +7-778-783-93-01.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная