04 маусым 2021 | 12:53

Антикор басшысы ауыл шаруашылығында ең жиі болатын қылмысты айтты

Иллюстрациялық сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты

Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы - субсидия жымқыру. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы - субсидия жымқыру. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі V республикалық форумда "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жоспарланып отырған Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына талдау жүргізу туралы айтып берді.

Оның сөзінше, бұл жақында қабылданған ауыл әкімдерін сайлау туралы Заңға байланысты.

Реклама
Реклама

"5 жыл ішінде субсидиялауға 1 триллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан көбі (54 пайызы) - субсидия ұрлау", - деді Антикор басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная