ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2022 | 11:52
Антикор басшысы: "Құйтырқы" схемалардың артында ықпалды тұлғалар тұрды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Олжас Бектенов Қазақстандағы "құйтырқы" схемалардың артында табысын шетелде жасырған ықпалды тұлғалар тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Олжас Бектенов Қазақстандағы "құйтырқы" схемалардың артында табысын шетелде жасырған ықпалды тұлғалар тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында Бектенов жалпы құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден аса кірме теміржол мемлекеттік бақылауға алынғанын айтты.
"Шығынды тікелей өтеуден бөлек, әлеуметтік-экономикалық әсері де бар. Мысалы, теміржол тасымалдаушыларына тарифтер 14 есеге - 2200 теңгеден 147 теңгеге дейін төмендеген. Мұндай "құйтырқы" схемалар артында көбіне "көлеңкелі" кірістерін шетелде жасыратын ықпалды тұлғалар тұрды", - деді Антикор басшысы.
Оның айтуынша, экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге немесе шамамен 1 миллиард доллар сомасындағы активтер қайтарылыпты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также