25 ақпан 2022 | 13:14

Антикор Байқоңыр ауруханасының басшылығына қатысты тергеу бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:baikonurmed.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Байқоңыр көпсалалы ауруханасының бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Байқоңыр көпсалалы ауруханасының бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл қылмыстық істі одан ары тергеу үшін "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 160-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасау дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына берді.

"Тергеу барысында 2020 жыл 25 желтоқсанда Байқоңыр қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзіне сыйақы төлемдерін есептеу туралы заңсыз бұйрық шығарған және медициналық мекемеге тиесілі ақша қаражатын жымқырғаны анықталды. Осы әрекеттердің нәтижесінде аталған медициналық мекемеге 2 миллион 600 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген", - деді "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Қызылорда облысының прокуратурасы 2022 жылдың 14 қаңтарында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы "Сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде ұрлау және ысырап ету" бойынша жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды облыс прокуратурасы.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Байқоңыр көпсалалы ауруханасы басшылығының бюджет қаражатын жымқыру дерегін тергеуді бастады.

"Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная