ПОДЕЛИТЬСЯ
29 мамыр 2023 | 12:36
Антикор генерал-майор Берік Біләловтың ісі бойынша тергеуді аяқтады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД басшысының міндетін атқарушы Берік Біләловке қатысты соталды тергеу басталғаны белгілі болған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 2021 жылы алаяқтық жолмен қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешеміз деген желеумен 40 миллион теңге иеленген.
"Қазіргі уақытта іс айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға жолданды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также