28 маусым 2024 | 17:21

Антикор мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікпен іздеуде жүрген адамды ұстады

Фото: Антикор

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, 2023 жылдан бері іздеуде жүрген "У" ұсталып, Алматы ПД УҰИ-ға қамауға алынған.

"Ол бұрын сот үкімі бойынша, тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктеліп отыр. Алаяқтық Алматы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

14 маусымында Бішкекте "У" ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлаған. Сол күні Алматы прокуратурасының үйлестіруі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен "У" Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматыға жеткізілген.

"Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды".

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная