ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2022 | 14:45
Антикор өкілі атышулы істерді тергеу барысы туралы айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстандағы атышулы қылмыстық істерді тергеу барысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстандағы атышулы қылмыстық істерді тергеу барысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сарқұлов бүгінде ведомство бірқатар атышулы қылмыстық істі, атап айтқанда, Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі қарап жатқанын атап өтті.
"Көлікке қызмет көрсету орталығына қатысты бөлек эпизодтар бар, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ "ӨКМ Операторы" ЖШС-ге жеке қылмыстық іс қозғалды. Бұл утильалым бойынша. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Керек сараптамалар тағайындалды. Толыққанды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кететін жайт, кеше ғана Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауда ұстау мерзімін 13 маусымға дейін ұзартты", - деді ол.
Антикор басшысының орынбасары ҚІЖК бабы бойынша, тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтын ақпарат барын еске салды.
"Түсінікпен қарауларыңызды өтінемін. Мәселе - кейбір эпизодтарды жасыру немесе кейбір деректерді алып тастау емес, алдағы тергеу әрекеттеріне зиян тигізбеу, дәлелдемелерді толық жинау және біріктіру. Екінші мәселе - азаматтардың конституциялық құқығы. Тергеу аяқталған жоқ. Процестің қатысушылары ретінде әртүрлі азаматтардан жауап алынып жатыр. Бұны олардың құқығын бұзбау үшін айтып отырмыз", - деп түсіндірді Ұлан Сарқұлов.
Қорытындылай келе, ведомство Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын ескере отырып, басқа да ақпаратты жария еткені үшін заң алдында жауап беретінін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также