ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2021 | 11:36
Апалы-сіңлі екі қыздың өлімі: күдікті 24 жылдан кейін Павлодарда ұсталды
24 жыл бұрын Омбыда екі қызды өлтірді деген қазақстандық күдікті Павлодарда ұсталды. Осы уақыт аралығында ер адам мемлекетаралық іздеуде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
24 жыл бұрын Омбыда екі қызды өлтірді деген қазақстандық күдікті Павлодарда ұсталды. Осы уақыт аралығында ер адам мемлекетаралық іздеуде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Масимовтың айтуынша, ұсталған ер адамды өңірдегі ПД көші-қон қызметінің қызметкері анықтаған.
"Ресей Федерациясының аумағында екі апалы-сіңліні өлтірді деген күдікке ілінген 54 жастағы қазақстандықты полиция қызметкері азаматтығын анықтау бойынша құжаттарды тексеру кезінде ұстады", - деді Мәсімов.
Полицей ер адам 1997 жылы наурызда Омбыда екі адам өлтіргенін айтты. Тергеу мәліметтері бойынша, жанжал кезінде күдікті 25 жастағы қыздың басына аңшы мылтығымен атып, 22 жастағы сіңлісін пышақтаған. Алған жарақаттарынан екеуі де оқиға орнында қаза тапты.
"Ер адам ауыр қылмыс жасағаннан кейін тергеу органдарынан жасырынып, мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта іздеу салған Ресейдің Омбы облысы бойынша ІІБ-ге хабарлама жіберілді", - деді Мәсімов.
Өңірлік ПД ақпараты бойынша, Павлодар облысының аумағында "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шаралары жүріп жатыр, ол бойынша 430 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Заң бұзғаны үшін 21 шетелдік сот шешімімен елден шығарылды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 20-дан астам дерегі анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также