Ақмола облысында белгісіз біреулер ЖШС директорын өлтіріп кеткен

© zbroya.info

А?мола облысында полицейлер Есіл ауданында?ы ЖШС-тарды? біріні? директорыны? ?ліміне ?атысты істі ашу?а ба?ыттал?ан жедел-іздестіру шараларын ж?ргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында полицейлер Есіл ауданындағы ЖШС-тардың бірінің директорының өліміне қатысты істі ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қыркүйекте Есіл аудандық ІІБ кезекші бөліміне Есіл ауданы маңындағы ЖШС-тардың бірінде ер адамның денесі табылғаны жайлы хабарлама келіп түскен. "Полицейлер зардап шегушінің кім екенін анықтады. Ол Знаменка ауылының тұрғыны, 52 жастағы ер адам болып шықты. Алғашқы мәліметтер бойынша, ер адам оқ жарақатынан қаза тапқан", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы жедел топтар құрылып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама