Ақмола облысында бөлім басшысы алаяқ болып шықты

© Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы алаяқтық бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы алаяқтық бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ егін шауаршылығы және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы Е.Ж.Бектұровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін тергеу жүргізілген.

"Ол "Агрофирма Жер 888" ЖШС өкілінен 2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидия беру мәселесін оң шешкені үшін 1 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Биыл 20 қаңтарда Көкшетау қалалық сотының үкімімен Е.Ж.Бектұров алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама