Ақмола облысында енесінен алтын бұйымдар ұрлады деген күдікпен 38 жастағы әйел ұсталды

© Tengrinews.kz

А?мола облысыны? полицейлері енесінен алтын б?йымдарды ?рлады деген к?дікпен 38 жаста?ы ?йелді ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының полицейлері енесінен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 38 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс былтыр сәуір айында жасалған.

2016 жылдың 30 сәуірінде Аршалы аудандық ІІБ кезекші бөліміне Жібек Жолы ауылының 1993 жылғы тұрғыны шағым түсірген. Шағым түсіруші қыз құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне анасының үйінен алтын бұйымдардың, сондай-ақ, екі ноутбук пен қымбат төсек орын тысының жоғалғанын айтқан. Жалпы 350 мың теңге шығын келген.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрлық жасаған адамды анықтады. Ол шағымдануышының анасының келіні, Қызылорда облысының 1979 жылғы тумасы болып шықты. Ол әйелдің ұлымен бір ай азаматтық некеде тұрған.

Әйелдің күйеуі мен енесі қонаққа кетіп қалған сәтте олардың жоқтығын пайдалана отырып, алтын бұйымдарды, сондай-ақ, үйдегі басқа да бағалы заттарды ұрлап әкетіп, жасырынып жүрген.

Айта кетейік, ұсталған әйелдің енесі заттарының жоғалғанын үйге келген кезде-ақ байқап, бірден полицейлерге хабар берген. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұрлық") қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама