Ақмола облысында ер адам ұрлаған қаражаттың жартысын жоғалтып алды

© kriminalka.kz

А?мола облысында ?рлы? жасады деген к?дікпен ер адам ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ??ірді? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, 11 қазанда Көкшетау ІІБ-нің кезекші бөліміне орталық базардағы дүкеннің сатушысы хабарласқан. Арыз берушінің айтуынша, белгісіз бірек оның 350 мың теңгесін ұрлап кеткен. 

"Айыпталушы, сатушының жұмыс орнында жоқтығын пайдаланып ақша салынған қорапшаны алып кеткен. Ол қашып бара жатып ұрланған ақшаның жартысын түсіріп алған. Осы оқиғаны көрген куәгерлер таңғалған. Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытқан. Бірақта полицейлер ебедейсіз ұрыны ұстаған", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері облыс орталығының 38 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол бұрындары сотталған болып шықты. Ұрының кім екенін анықтауға дүкендегі бейне бақылау камералары көмек болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Тонау") бойынша жүргізіліп жатыр. Айыпталуыш өз кінәсін толығымен мойындады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама