Ақмола облысында төлем терминалы тоналды

©kursiv.kz

Ақмола облысында белгісіз біреулер төлем терминалындағы ақшаны ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Терминалда қанша ақшаның болғаны әзірше белгісіз.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпан күні сағат 16.15-те Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне 29 жастағы азамат белгісіз біреулердің төлем терминалындағы ақшаны алып кеткені туралы хабарлаған. Жігіт таңертең дүкеннің жанындағы терминалдың жұмыс істеп-істемей тұрғанын тексеру үшін барып, аппарат жақтарының бұзылғанын байқаған. 

"Тексеріс барысында дүкеннің екі айдан бері жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Терминалдың бүлінгенін байқаған Аршалының тұрғыны бірден полицияға хабарлады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмысты жасағандарды анықтау үшін арнайы топ жасақталды. Сонымен қатар, терминал орналасқан аймаққа жақын жердегі үй-үйлерді аралау жұмыстары жүргізіліп, бұрын сотталғандар мен ішкі істер бөлімінің есебінде тұрғандар тексеріліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама