Ақмола облысының прокуратура қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

Сурет Тengrinews.kz мұрағатынан

А?мола облысында пара ал?аны ?шін прокуратура ?ызметкері ?сталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Бас прокуратурасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында пара алғаны үшін прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік басқармасымен Ақмола облысының прокуратура қызметкері пара алғаны үшін ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды. Күдіктіні ұстаудың егжей-тегжейі мен тергеу барысы БАҚ-та жарияланып отырады", - делінген таратылған хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Атырауда пара алғаны үшін қаланың Мемлекеттік кірістер басқармасы жетекішісінің орынбасары ұсталған болатын.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, шенеунік әйел салықтық есепті өткізу, есептік шоттарды ашу, сондай-ақ қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша кедергісіз тіркелу үшін бірқатар кәсіпкерлерден жүйелі түрде қаражат және бағалы материалдық заттар түрінде сый-сияпат алып тұрған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама