Ақмолалық полицейлер 22 жыл бойы қашып жүрген алаяқты Ресейде ұстады

© Тұрар Қазанғапов

Аса ірі к?лемде алая?ты? ?ылмыс жасап, іздеуде ж?рген ?ылмыскерді А?мола облысыны? полицейлері 22 жылдан со? тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс жасап, іздеуде жүрген қылмыскерді Ақмола облысының полицейлері 22 жылдан соң тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыскер Ресейдің Челябинск облысындағы Новозлатоуст қаласында ұсталған.

"1995 жылы ұсталған азамат алдау арқылы ірі көлемдегі қаражатты иеленіп кеткен. Ол жергілікті ЖОО-мен келісімшарт жасасып "Жигули" маркалы көліктің 12 данасын әкеліп беру үшін төрт миллион теңге алып кеткен. Алайда бұл келісімшарт іске аспай қалған, ер адам қаражат пен көліктердің бір бөлігін алып ізім-ғайып жоқ болып кеткен. Полицейлер қылмыскердің Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткенін анықтаған", - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ақмолалық полицейлер жыл басынан бері тергеу органынан қашып жүрген 100-ден аса қылмыскерді ұстаған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама