Ақтау тұрғыны өз әйеліне былапыт сөз айтып, қорқытқаны үшін қамауға алынды

Ақтау тұрғыны өз әйеліне былапыт сөз айтып, қорқытқаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды "Тумба" порталы.

Сот отырысында ер адамның түнгі уақытта шу шығарғаны анықталды. Ол мас күйінде әйеліне былапыт сөз айтып, ұрып-соғамын деп қорқытқан.

Ақтау қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, сот оған өз әйеліне қатысты заңға қайшы әрекет жасауға тыйым салды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған ұқсас оқиға тамыз айының басында Батыс Қазақстан облысында болған еді. Ер адам өз үйінде бола тұра және мас күйінде әйеліне былапыт сөз айтқаны үшін екі тәулікке қамауға алынған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама