Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдіктінің қамау мерзімі ұзартылды

А?тауда алты жасар ?ызды зорлады деген к?діктіні? ?амау мерзімі ?зартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдіктінің қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 қарашада тергеу судьясы күдіктінің қамау мерзімін тағы бір айға созу туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің басқа да мән-жайларын тергеушілер хабарламай отыр.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама