Ақтауда арнайы операция кезінде ұсталғандардан 22 келі марихуана тәркіленді

А?тауда арнайы операция кезінде ?стал?андардан 22 келі марихуана т?ркіленді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Ақтауда арнайы операция кезінде ұсталғандардан 22 келі марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Басылымның мәліметінше, Маңғыстау облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы қызметіндегілер төрт ер адамды ұстады. Олардың екеуі - Жамбыл облысының тұрғындары. Ұсталған ер адамдар отырған "Лада" көлігінде 6 келіден аса марихуана болған. Олар тұрған пәтерлердің бірін тінту барысында тағы 16 келі марихуана тәркіленген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, олар марихуананы Қырғызстаннан жеткізіп, кейін Ақтауға әкелген.

Реклама
Реклама

"Тәркіленген марихуаналардың түрі - "Индюха".  Онда көп мөлшердегі тетрагидроканнабинол бар. Ұсталған азаматтарға қатысты сот бұлтартпау шарасын қолданды. Олар қамауға алынды. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасындағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама