Ақтауда дүкенде қалып қойған әмиянды алып кеткен әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды

© Youtube кадры

Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері дүкендердің бірінде қалып қойған әмиянды егеленіп алып кеткен белгісіз әйелді іздестіріп жатыр. Бұл туралы "Лада" басылымы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оқиға 2 қазанда қаланың №15 ықшамауданындағы дүкендердің бірінде болды. Видеороликте сатып алушы әйелдің біреулердің абайсызда қалдырып кеткен әмиянын тауып алып, оны сөмкесіне салып алғаны көрінеді. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған.


© Lada.kz

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері қалалықтардан бұл әйелге қатысты мәліметі бар болса 47-48-10, 47-48-39 немесе 8701-144-26-27 телефон номерлеріне хабарлауды сұрайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама