Ақтауда ер адам ұлын өлтірді деген күдіктіні өлімші етіп сабап тастаған

Ашық дереккөздерден алынған сурет

А?тауда ер адам ?зіні? ?лын ?лтірді деген к?діктіні ?лімші етіп сабап таста?ан, - деп хабарлайды Lada.kz. Осы ?шін ер адам 19 жыл?а сотталып отыр. Б?л ?ылмысты? іс туралы Ма??ыстау облысыны? ?ылмысты? істер ж?ніндегі мамандандырыл?ан ауданаралы? сотыны? т?ра?асы Азат Ізбасаров айтып берді.

Ақтауда ер адам өзінің ұлын өлтірді деген күдіктіні өлімші етіп сабап тастаған, - деп хабарлайды Lada.kz. Осы үшін ер адам 19 жылға сотталып отыр. Бұл қылмыстық іс туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров айтып берді.

Ер адам өзінің ұлын Маңғыстау облысының тұрғыны Марат есімді ер адам өлтірді деп күдіктенген. Күдіктіні ұстау мақсатында ер адам өзінің Тимур есімді танысына хабарласып, 3 мың долларға көмектесуін сұраған. Ал Тимур тағы үш ер адамды жалдаған.

Содан, басылымның мәліметінше, үш ер адам күдікті тұратын Жаңаөзен қаласына барып, ер адамды ұрлап кетіп, өлімші етіп сабап, денесін көміп кеткен. "Жәбір көрген ер адам Тамерланның ұлын өлтіргенін мойындаған. Осыдан кейін ер адам құқық қорғау органдарына күдіктінің кінәсін мойындағаны жайлы мәлімдеген", - деп жазады басылымы.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Тамерлан 19 жылға бас бостандығынан айырылды (қатаң тәртіптегі колонияда), ал оның сыбайластары 16 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама