Ақтауда науқас балаларға қор жинауға арналған қаражат жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды

А?тауда нау?ас балалар?а ?ор жинау?а арнал?ан ?аражат ж?шігін ?рлап кеткен ?йел ?сталды, - деп хабарлайды Lada.kz Ма??ыстау облысты? ІІД ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Ақтауда науқас балаларға қор жинауға арналған қаражат жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 15 наурызда сағат 15:00-де "Волна" сауда үйіндегі "Триумф Актау" дүкенінде болған. Мүгедек балаларға арналған жәшіктің ұрланғаны сәті дүкенде орнатылған бақылау камерасына түсірілген.

Жедел-іздестіру шараларының барысында 17 наурызда күдіктінің жеке басы анықталған. Азаматшаны Ақтау қалалық ІІБ ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 

Реклама
Реклама

"Бұл дерек бойынша ешкім полицияға арыз жазбады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Әйелге 1000 АЕК көлемінде (2 миллион 269 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе мүлкі тәркілене отырып, үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама