Ақтауда қымбат велосипедті ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

А?тауда ?ымбат велосипедті ?рла?ан ер адам видео?а т?сіп ?алды, деп хабарлады lada.kz.

Ақтауда қымбат велосипедті ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлады lada.kz.

Порталдың мәліметінше, оқиға 13 мамырда түнгі сағат 04.41 шамасында 5-шағын аудандағы үйлердің бірінде болған.

"Мен галереялы үйдің бесінші қабатында тұрамын. Көршілермен бірге галереяның аумағын қоршап қойдық, есігі де бар. Бірақ, өкінішке қарай, бізде шыны жоқ. Камерадан көруге болады, ұры бетон колоннаға шығып, Stern маркалы қымбат велосипедті алып шықты. Сыртқы есік кілтпен ашылады, ішіндегісі сырма темір. Камерадағы жазбаға қарағанда, ер адам барлығын үш минутта жасады. Камерадан көруге болады, сол ер адам сағат 00.09-да территорияны бір қарап шыққан", - деді велосипедтің иесі.

Реклама
Реклама

Медициналық маска киіп, қолына қолғап киген ер адамның велосипедті алып кетіп бара жатқан сәті бейне бақылау камерасына түсіп қалған. 

 

Айта кетейік, велосипедтің иесі өзіне келген шығынды 100 мың теңгеге бағалап отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама