Ақтөбе кафесінде болған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды

Ақтөбе кафесінде болған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды © Тұрар Қазанғапов

А?т?беде 24 жаста?ы жігіт жанжалдан ?аза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбеде 24 жастағы жігіт жанжалдан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ақтөбелік жігіт үш адаммен ерегесіп қалған. Жанжалдың неден шыққаны тексеріліп жатыр. Жанжал кезінде жергілікті тұрғынға оқ атылған. 

"Кафеде жігіттердің арасында жанжал шыққан. Қолда бар мәліметтер бойынша, жігіттердің бірі өз қарсыласына оқ атқан. Ауруханаға барар жолда жарақат алған адам қайтыс болды. Осы іс бірыңғай реестрге "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді", - деді Ақтөбе облысының ІІД-нің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде қолданушылар осы қылмысқа күдікті үш адамның суретін жариялады. Құқық қорғау органдары осы адамдар туралы қандай да бір мәліметтерді білген адамдарды телефон арқылы хабарлауды сұрайды.  

Полициядағылар осы іске күдікті деп танылған адамдардың шын мәнінде де іздестіріліп жатқанын растап берді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама