Ақтөбе облыстық ІІД ҰҚТКБ басшысының орынбасары бопсалау ісі бойынша ұсталды

Ақтөбе облыстық ІІД ҰҚТКБ басшысының орынбасары бопсалау ісі бойынша ұсталды © Tengrinews.kz

А?т?бе облысында ІІД ?йымдас?ын ?ылмысты? топ?а к?рес бас?армасы басшысыны? орынбасары ?сталды. Полицейге бопсалау ж?не ?ызметтік бабын асыра пайдаланды деген айыптар та?ылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? прокуратура?а сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында ІІД Ұйымдасқын қылмыстық топқа күрес басқармасы басшысының орынбасары ұсталды. Полицейге бопсалау және қызметтік бабын асыра пайдаланды деген айыптар тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Ақтөбе облыстық прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бірлесіп  полиция қызметкеріне қатысты өкілеттікті асыра қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүрпгізіп жатыр. 

"Тергеу барысында, балық аулаумен айналысқан адамдардан ІІД ҰҚТКБ қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартпасы үшін ақшалай қаражатты талап еткен, ал тәркілеген балықты басқа біреулерге өткізген. 2017 жылы 26 сәуірде прокуратура мен ҰҚК департаменті бірлесіп 70 мың теңге пара алған облыстық ІІД ҰҚТКБ басшысының орынбасары А. Дәулетов ұсталды. Сол күні Дәулетов ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі 3- тармағы бойынша күдікті ретінде уақытша қамау изоляторына жабылды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Дәулетовқа қатысты бұлтартпау шарасын шығару үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды.  

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама