Ақтөбе облысында күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотта ақталып шықты

Ақтөбе облысында күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотта ақталып шықты © TIMESKZ.KZ

А?т?бе облысында ?з к?йеуін пыша?пен ?лтіріп ал?ан ?йелге ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Диапазон.

Ақтөбе облысында өз күйеуін пышақпен өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Диапазон.

Ақтөбе облысы Алға қаласының тұрғыны Әйгерім Қауқанованың жазасы жеңілдетіліп, күйеуін өзін өзі қорғау кезінде өлтіріп алғаны дәлелденді. Сот отырысы кезінде мемлекеттік қорғау "Адам өлтіру" бабын өзін өзі қорғау қажеттілігін асыру деп ауыстыруды сұраған. Ал сот ІІД-нің ҚПК нормаларын бұзғандығын және тергеушінің күдіктіні жақтырмай, істі айыптау бағытында жүргізгенін анықтады. 

Әйгерімнің құрбыларына айтуы бойынша, ері Тимур арасында қатынас бұзылып, күйеуі ішіп, оны ұратын болған.

Реклама
Реклама

16 маусымда Әйгерімді бейтаныс жігіт кафеде биге шақырған, ал күйеуі жанжал ұйымдастырған. Кешкісін Әйгерім сыныптасын көріп қалып, ол Әйгерімнің бетінен сүйген екен. Үйге жеткеннен кейін екеу ара жанжал туған. Ал таңғысын Тимур өлі табылған.

Айыпталушының айтуынша, күйеуі оны оқтаумен ұрған және пышақты алып өлтіремін деп қорқытқан. Ол қашпақ болып алысып, пышақтың қалайша ерінің кеудесіне кіргенін байқамай да қалған екен. Ол қанды өз күшімен тоқтатпақ болғанын айтады және көршілерінен жедел жәрдем шақыруын өтінген.

Іс сот қарауына "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша түскен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама