ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 сәуір 2018 15:52
Ақтөбе - Орынбор тасжолында Камаз жүргізушісі өлі табылды
Ақтөбе - Орынбор тасжолында цемент араластыратын "Камаз" жүргізушісі өлтірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адамның денесі 2018 жылы 19 сәуірде тасжолдың 35-шақырымында көліктің ішінен табылған.
"1966 жылғы жүргізушінің денесі зорлық белгілерімен (қарудан оқ атылған) табылды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа деректер тергеу құпиялылығына байланысты айтылмайды", - деді Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері.
Облыстағы тасжолдарда патрульдеу қызметі күшейтіліп, жағдай құқық қорғау органдарының бақылауына алынды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу