Ақтөбе тұрғыны WhatsApp арқылы жиһадқа үндеумен айналысқаны үшін 5 жылға сотталды

Коллаж © Tengrinews.kz

WhatsApp арқылы мұжаһедтердің әскери өмірі жайлы және жиһадқа үндеу туралы видеолар таратқан ақтөбелік 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Сот 35 жастағы ер адамның мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Оның насихатпен айналысқан телефоны жойылады.

Еске салайық, тамыз айында Ақтөбеде сегіз адамға "Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" және "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" баптары бойынша жаза кесілген еді. Сотталғандардың ең үлкені - 38 жаста, ең кішісі - 21 жаста. Лаңкестікті насихаттағандары үшін олар үш жылдан алты жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Үкімді №2 қалалық сот шығарды.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама