ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 11 ақпан 2014, 14:54
Ақтөбеде алаяқ қыз 45 млн теңге пайда тапқан
Ақтөбеде мемлекеттік қордан жер телімін алып беремін деп халықты арбап, 45 млн теңге тапқан алаяқ ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.29 жастағы Баязова мемлекеттік қордан жер телімдерін және жалға берілетін пәтерлерді алуға көмектесемін деп аңқау азаматтарды алдап, олардан ақша алған. Алаяқ қыз алған сомасына жалған қарыз шартын жасап отырған. Тергеушілердің мәліметінше, ол сыбайластарымен бірге әрекет еткен, бірақ әзірше қылмыстық іс Баязоваға қатысты қозғалып отыр.Полицияға алаяқ қызға алданған 30 азамат шағымданды. Тәртіп сақшылары Баязовадан зардап шеккендердің әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алаяқтық дерегі бойынша жүргізілген тергеу аяқталып, іс жуырда сотқа жолданады. Баязованың өзі кепілдікпен уақытша босатылды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии