Ақтөбеде екі айда жеті пәтер тонаған ұры ұсталды

Фото: aktobenews.kz сайтынан

Ақтөбеде пәтерлерге пластикалық терезесі арқылы кіріп, бағалы заттар мен техниканы ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде пәтерлерге пластикалық терезесі арқылы кіріп, бағалы заттар мен техниканы ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ол ақпан мен наурыз аралығында бірнеше пәтерді тонаған. Күдікті бірінші қабаттағы пәтерлерге пластикалық терезе арқылы кірген. Барлық қылмыстық әрекетін 12 ықшам ауданында, жұмыс күндері және күндізгі уақытта жасаған.

"Ақтөбе облысы ПД Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері басқаның мүлкін ұрлау деректерін болдырмау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот алды тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің жеті пәтер ұрлығы дерегіне қатысы бар екені анықталды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама