Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан топтан діни әдебиет пен қару-жарақ тәркіленді

© kgd.gov.kz

16 мамырда ?Р ?М МКК ЭТ? А?т?бе облысы бойынша ІІД-ні? арнайы жаса?ымен бірлесіп, А?т?бе облысы м?най ?німдеріні? ?рлауымен ж?не оны? за?сыз сатуымен айналысатын ?ылмысты? топты? жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ?аржы министрлігіні? Мемлекеттік кірістер комитетіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

16 мамырда ҚР ҚМ МКК ЭТҚ Ақтөбе облысы бойынша ІІД-нің арнайы жасағымен бірлесіп, Ақтөбе облысы мұнай өнімдерінің ұрлауымен және оның заңсыз сатуымен айналысатын қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 16 мамырда Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі, Ақтөбе облысы бойынша Ішкі істер департаментінің арнайы жасағының қатысуымен, Ақтөбе облысында мұнай өнімдерінің ұрлауымен және оның заңсыз сатуымен айналысатын қылмыстық топтың жолы кесілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Айтуларынша, 100 тоннадан астам дизель отыны тәркіленіп, 4 адам құрықталған. Оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымының мүшесі бар екен. Тінту шаралары басырында 12 мекенжайда ақшалай қаражат, қару-жарақтар, діни әдебиет, әр түрлі заңды тұлғалардың мөрлері мен штамптары тәркіленген, сонымен қатар мұнай өнімдері сақталатын әуіттеріне сүргі соғылды.

Реклама
Реклама

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама