Ақтөбеде пышақталған әйелдің мүрдесі табылды

Ақтөбеде пышақталған әйелдің мүрдесі табылды © Тұрар Қазанғапов

А?т?бе облысты? ІІД ?кілдері басы кесілген ?йелді? м?йіті табылды деген а?парат?а ?атысты пікірі білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері басы кесілген әйелдің мәйіті табылды деген ақпаратқа қатысты пікірі білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ішкі істер департаменті Ақтөбеде басы кесілген әйел табылды деген мәліметті жоққа шығарды. Ведомство баспасөз қызметіндегілер зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті 18 қаңтарда табылғанын хабарлады. Әйелдің денесі кесілген, пышақ іздері бар, алайда басы кесілгені туралы расталмаған. 

"Жедел тергеу тобы оқиға орнынан денесі кескіленген әйелдің мәйітін тапты. Осы дерекке қатысты Ақтөбе ІІБ мамандары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғады. Кейбір БАҚ беттерінде жарияланған мәйіттің басы кесілген деген мәлімет расталған жоқ", - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама